00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің заңға сәйкестігін тексереді

5 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің заңға сәйкестігін тексереді
Бактыгуль Бурбаева

Конституциялық сот елде бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің заңға сәйкестігін тексермек, деп хабарлады Elordainfo.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәліметке сәйкес, Конституциялық сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдаған.

Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін.

Сонымен қатар уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.

 Осы заңның 14-бабына сәйкес мына жағдайларда жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстар өткізуге рұқсат бермейді:

-егер олардың мақсаттары Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзу болса;

 -егер мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық тәртіптің бұзылуына, денсаулық сақтауға, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына қатер төнсе;

-бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаның немесе келісуді алу туралы өтініштің мерзімдерін бұзса;

-ақпарат толық берілмеген немесе бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының немесе оның өкілінің (болған кезде) қолтаңбасы болмаған жағдайда;

-ұсынылған құжаттардың анық емес екендігі немесе бейбіт жиналыстарды өткізу үшін қажетті құжаттардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі анықталған жағдайда.