Алпыстан астам жәбірленушіге виза алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды

фото: Оңалхан Өнерхан
Күдікті алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы жәбірленушілерге Еуропа, АҚШ және Ұлыбританияға ұзақ және қысқа мерзімді виза жасап беруге уәде берген, деп хабарлады Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Келтірілген шығын 330 млн теңгеден астам.
Күдікті ұсталды, оның әрекеті ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып, соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілер анықталуда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қала прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделгенін назарға салады.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 20:05
Ақтөбеде ауыл тұрғынынан 56 келі марихуана тәркіленді

Бүгін, 14:12
Ұлытау облысында есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкен анықталды

Бүгін, 12:56
Арқалық кен орнында 7 мың тоннадан астам минералды шикізат заңсыз өндірілген

Бүгін, 12:37
Астанадағы бизнес-орталықтардың бірінен өрт шықты (ВИДЕО)