Тағы бір шетелдік әуе компания Қазақстанға ұша бастайды

фото: air-asia.ru
Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Таиланд корольдігінің «Thai Air Asia X» лоукестері Қазақстан нарығына шығады. Тасымалдаушы Бангкок – Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рет дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері тікелей тұрақты жолаушылар әуе рейстерін орындайды.
«Қазақстан мен Таиланд арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді»,- делінген министрліктің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады