Қызылорда облысында мәдениет қызметкерлеріне 1,5 млн теңгеден астам тиісті өтемақы берілмеген

фото: Оңалхан Өнерхан
Қызылорда облысы Қазалы ауданы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде мәдениет саласындағы бірқатар мекемелерде еңбек заңнамасының бұзылғаны анықталды, деп хабарлады Elordainfo.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығы, аудандық кітапханалар жүйесі және ауылдық клубтарда жұмыс істейтін 25 қызметкерге пайдаланылмаған жыл сайынғы еңбек демалысы үшін 1,5 млн теңгеден астам өтемақы толық төленді.
Нәтижесінде азаматтардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
«Заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокуратура ұсынуы негізінде уәкілетті органдармен еңбек заңнамасын сақтау шаралары қабылданды»,- делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады