Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президентімен телефон арқылы сөйлесті
6 мамыр, 2024
Елорда ақпарат
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Сербия Президенті Александр Вучичпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, соның ішінде бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру және биылғы екінші жартыжылдықта Қазақстан Президентінің Белградқа сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе жөнінде пікір алмасты.
Ұқсас жаңалықтар