00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Kalifarniya-ның әйелі күйеуін неліктен қызғанбайтынын айтты

Kalifarniya-ның әйелі күйеуін неліктен қызғанбайтынын айтты
коллаж Elordainfro.kz

Өнер иесі Әнел күйеуі Фархат Қалиев екеуінің қарым-қатынасы жайлы Revue News бағдарламасында баяндады, деп хабарлады Elorda.info.

Сұхбат барысында Анель шығармашылық адамы болғандықтан, өзі де көп дүниені түсінетінін жеткізді.

«Мен өзім де шығармашылық адамы болғандықтан, оны жақсы түсінемін. Өйткені біз бірге жұмыс істедік те, өнерді бірге бастадық. Концертте әртіске көрермен келіп суретке түсуі мүмкін екенін білемін. Сондықтан мұндай жағдайға байланысты бізде келіспеушілік болмайды», - деді ол.

Мұны естіген көпшілік Фархат Қалиевтің жұбайына ақ тілегін арнап, оң пікір жазып қалдырды. «Бақытты болыңдар», «Жарайсың», «Екеуі бір-біріне қатты ұқсайды», «Екеуін де жақсы көремін» деп жазды олар.