00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңгеден астам активін қайтарады

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қайрат Сатыбалды мемлекетке тағы 50 млрд теңгеден астам активін қайтарады
фото: t.me/antikornews

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қ.Сатыбалдыұлының кінәсін мойындау және заңсыз иемденген активтерін қайтару туралы процестік келісімінің шарттарын орындау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл активтердің жалпы сомасы бағалауды ескергенде, 50 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда 18 млрд теңгенің активтері қайтарылды.

Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар. Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар), Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер мемлекетке қайтарылды, – деп жазылған хабарламада.

Қайрат Сатыбалдыұлын тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылды.

Жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын Қ.Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында. Оларға: Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Осылайша Қайрат Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды.