Көктемгі су тасқынынан кейін 233 жол учаскесі қалпына келтірілді
24 қыркүйек, 2024
фото: Бақытгүл Бурбаева
Көктемгі су тасқыны нәтижесінде Қазақстанда республикалық маңызы бар трассалардың 122 учаскесінде жол жиектері мен жол төсемі шайылып кетті. Мұндай деректерді Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев келтірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жөндеуге қажетті қаражат толық көлемде бөлінген.
Жергілікті маңызы бар жолдар туралы айтатын болсақ, мұнда Көлік министрлігінің мәліметінше, 414 учаскеде бүліну тіркелді. Жергілікті бюджеттер есебінен оның 233–де жұмыс толығымен аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарының қалған бөлігін құрылыс маусымының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Ұқсас жаңалықтар
27 наурыз, 2026
Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды
27 наурыз, 2026
Әуе компаниясы Ташкент – Астана – Ташкент бағыты бойынша жолаушылар рейстерін іске қосады
27 наурыз, 2026
Енді ұландық сарбаздар асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады
26 наурыз, 2026
Қазақтың ұлттық тағамдарына шетелде сұраныс артып келеді