Көкшетауда 140 пәтерлі тұрғын үй заңсыз рәсімделгені анықталды

Бүгін, 21:03
Айман Нығмет Айман Нығмет
views47
Көкшетауда 140 пәтерлі тұрғын үй заңсыз рәсімделгені анықталды
фото: Оңалхан Өнерхан

Көкшетау прокуратурасы әлеуметтік осал топтарға арналған мемлекеттік қаражат есебінен көппәтерлі үйлерді жалған түрде пайдалануға беру дерегін анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақмола облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

2023 жылы Көкшетау қаласы Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы объектілер іс жүзінде аяқталмаған кезде қаражат аудару арқылы екі көппәтерлі тұрғын үйді (140 пәтер) пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғаны анықталды.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 90 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасы ҚК 189-б. 4-б. 2) т. (лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып жасаған, кінәліге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса iрi мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.