00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Польшадан экстрадицияланды

21 тамыз, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Польшадан экстрадицияланды
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Польшадағы Елшілігінің көмегімен халықаралық іздеуде жүрген Грузия азаматын Польшадан экстрадициялады.  Бұл туралы Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлады. 

Күдікті 2023 жылы Алматы қаласында алкогольдік масаң күйде рөлге отырып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан басқа көлікпен соқтығысып, жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен.

«Биыл сәуір айында ол Польшада ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды. Айыпталып отырған қылмыс үшін он жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген», - делінген прокуратураның хабарламасында.