00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Гүлмира Мұрсалова: АЭС – тұрақты электр энергияны өндіретін станция

11 қыркүйек, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Гүлмира Мұрсалова: АЭС – тұрақты электр энергияны өндіретін станция
Фото: Автордан

«ПАРИЖ» келісімі бойынша Қазақстан көмірқышқыл газдардың шығарындыларын 2060 жылға дейін азайту міндетін алған, деп хабарлады  Elordainfo.kz.

Бұл туралы Энергетика министрлігі атом энергертикасы және өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова айтты.

«Атом электр станциясы – тұрақты электр энергияны өндіретін станция. Ол жасыл энергетикаға жатады. Әрине, Қазақстанда басқа станциялардың түрлері дамып жатыр. Жаңартылған энергия көздері де салынуда. Жел электр станциялары, күн электр станциялары, бұдан басқа газбен жұмыс істейтін станциялардың ірі жобалары іске асырылмақ. Қолданыстағы көмірмен жұмыс істейтін станциядардың да жөндеу және жаңартылу жұмыстары атқарылуда. Алайда қазіргі таңда әлемде экологияға байланысты саясат жүргізілуде. Көмірмен жұмыс істейтін станциялардың көмірқышқыл газдардың шығарындылары – өте жоғары. Сол себепті бүкіл әлем көміртегі бейтараптылығына жету  мақсатын қойып отыр. Біздің мемлекет те 2060 жылға дейін көмірқышқыл газдардың шығарындыларын 0 деңгейіне шығару бойынша талап қойды. Сол себептен жасыл энергетикаға көшу – өте маңызды. Мысалы, жаңартылған энергия көздері – ауа райына тәуелді болған соң тұрақсыз. Алайда экономиканы, өндірісті дамыту үшін бізге тұрақты 24 сағат бойы жұмыс істейтін станциялар қажет. Сол себепті АЭС салу мәселесі қарастырылып жатыр», - деді спикер.

Спикердің айтуынша, АЭС салу бойынша 3+ буынға жататын технология таңдалған. Бұл әлем бойынша озық әрі қауіпсіздік деңгейін тиісті кезеңде ұстап тұрады.

«Негізінен Қазақстанда 3+ буынға жататын технологиялар таңдалған. Соған сай шорт тізім бар. Оған 4 мемлекет кірді. Олар:  Қытай, Ресей, Корея және Франция компаниялары. Қазіргі кезде, нақты қандай технологияны іске асыратынымыз туралы шешім қарастырылмады. Егер референдум нәтижесі оң болған жағдайда зерттеу мен келіссөздер ары қарай жалғасатын болады», - деп сөзін түйіндеді Гүлмира Мұрсалова.