00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ертең ауа райы қандай болады?

28 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ертең ауа райы қандай болады?
коллаж Elorda.info

«Қазгидромет» РМК 29 маусым – 1 шілде аралығындағы күн райына болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

 

Алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер ықпал етеді, онымен қысқа мерзімді жауын-шашын, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде елдің батысында қатты жаңбыр болжанады, бұршақ жаууы ықтимал. Ал солтүстік пен орталықта күн райы көбіне жауын-шашынсыз болады, - деп жазылған хабарламада.  

Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі: солтүстік аумақтарда 25-30 градусқа дейін, орталықта 30-35, оңтүстікте 33-38, оңтүстік-шығыста 28-33, шығыста 17-25 градусқа көтеріледі. Елдің батысында температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Күндіз күн 25-30 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік-батыста – 33-38.