00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дарынды жасөспірімдер Жазушылар одағына мүшелікке үміткер бола алады

Дарынды жасөспірімдер Жазушылар одағына мүшелікке үміткер бола алады
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Елімізде алғаш рет мұндай үміткерлерге Жазушылар одағының куәлігі табысталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстан Жазушылар одағы «Жазушылар одағына кандидат» жобасы аясында тұңғыш рет 12-20 жас аралығындағы әдеби талантты жасөспірімдерді Жазушылар одағына мүшелікке үміткер ретінде қабылдады. Әдебиетші жасөспірімдер куәлік пен бағалы сыйлыққа ие болды. 

«Достық» үйінде өткен рәсімде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы әріптестік аясында атқарылып жатқан жобалар таныстырылды.

«Соңғы жылдары қазақ әдебиеті өрлеу үстінде. Әдебиетіміздегі қай жанрды алып қарасақ та, жаңадан келген жас таланттары әдебиетімізге тың дүниелер әкелуде. Олардың дүниетанымы, өмірді көруі, кейіпкерлерді даралауы, шиеленіскен оқиғалар жасауында ерекшеліктер көп», – деді Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов. 

«Жазушылар одағына үміткер» жобасына қатысатын жас қаламгерлердің, ата-аналардың, тәлімгерлер мен ұстаздардың атынан ақын Гүлнұр Зұлқаршын сөз алып, Президентке арнайы жазған Алғысхатты жеткізді.

«Әрбір талантты баланы қолдап, тәлімгер тағайындап, жазу-сызуға бейімдеп, шеберлігін шыңдап, үлкен жетістікке жеткен шағында мүшелікке қабылдау дегеніміз – Жазушылар одағы тарихында болмаған тосын жаңалық. Ата-аналар, ұстаздар оқушы-балалардан үміт күтеді. Үмітім ақталса деп армандайды. Ал балалар да талабына қанат бітірмесе лапылдап жанбайды, тауы шағылып, тауаны қайтады. Әсіресе, кандидаттық туралы ережеде жасы көрсетілген жеткіншектер дәл солай», – делінген хатта.