Елордалық полицейлер ұрланған телефонды иесіне қайтарды

Фото: Elordainfo.kz/Бақтыгүл Бурбаева
Астана полициясы кафеде болған ұялы телефон ұрлығын ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Полицияға 41 жастағы қала тұрғыны ұялы телефонын ұрлады деген арызбен жүгінген.
Қылмыс түнгі уақытта елорда кафелерінің бірінде болған. Тергеушілер жас әйелдің үстел үстінде ұялы телефонын қалдырып, билеуге кеткенін анықтады. Осы сәтті пайдалаған ер адам Samsung S20 телефонын ұрлап, 300 мың теңге көлеменде материалдық шығын келтірген.
Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 36 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады. Күдікті бағдарлаудың көмегімен табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды мұқият болуларын сұрайды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады