00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есе азайды

20 мамыр, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада ЖИТС-тен болатын өлім-жітім екі есе азайды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада соңғы он жылда ЖИТС-тен өлім-жітім екі есе азайды, деп хабарлады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл –  диагноз қойылғаннан кейін бірден қолжетімді антиретровирустық терапияның нәтижесі.

Статистикаға сүйенсек, Астанада АИТВ-ның 3 мыңдай жағдайы тіркелген.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 142-ні құрайды. Жұқтырғандардың 64%-ы 20-39 жас аралығындағы жастар;басым жұғу көзі – жыныстық жол (90%-дан астам).

Елордалық дәрігерлер АИТВ-инфекциясының алдын алу тәсілдерін өзгерте бастады. Скринингке, диагностикаға және емдеуге ерекше назар аударылатын жаңа стратегиялар (95-95-95) анықталды. Іс жүзінде бұл «Табы, Сынау, Емдеу және Сақтау» тұжырымдамасын жүзеге асыруды білдіреді.

Мәселен, емханаларда клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеу белсенді жүргізілуде. Нәтижесінде 80%-дан астамы ерте кезеңдерде анықталады. Халықтың негізгі топтары үшін ҮЕҰ базасында экспресс-тестілеу енгізілді. Индекстік тестілеу бағдарламасы жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері барлығы 100 мыңнан астам адам АИТВ-ға тексерілді.