00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді

3 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Еліміздің басым бөлігінде бұрқасын болып, жел күшейеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді, деп хабарлады Elorda.info "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады.

Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында ғана антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, күндіз елдің оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.