00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде жастар арасында 735 мың дара кәсіпкер тіркелген

Елімізде жастар арасында 735 мың дара кәсіпкер тіркелген
фото: Оңалхан Өнерхан

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген дара кәсіпкерлер саны 1 512,9 бірлік болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға көп, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, олардың 1 426,3 мыңы жұмыс істеп тұр.

Дара кәсіпкерлердің ең көп саны Алматы және Астана қалаларында тіркелген, олардың саны сәйкесінше 263,1 мың және 177,6 мың бірлік. Үздік үштікті 122,2 мың дара кәсіпкері бар Түркістан облысы түйіндейді. Дара кәсіпкерлердің ең аз саны Ұлытау облысында тіркелген – 13,7 мың бірлік.

Тіркелген дара кәсіпкерлердің басым бөлігі (43,6%) көтерме және бөлшек сауда саласында – 660 мың бірлік, сондай-ақ басқа да қызметтерді көрсетуде (293,5 мың бірлік). Дара кәсіпкерлер саны қаржы және сақтандыру қызметінде ең аз – 515 бірлік.

Айта кетейік, барлық дара кәсіпкерлердің 49% 35 жасқа дейінгі жастар (735,1 мың бірлік), оның 56% – әйелдер. Қала жастары дара кәсіпкерлердің жалпы санының 36% құрайды.