Елімізде тағы бір мереке пайда болды
23 ақпан, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Қорғаныс министрлігінен
Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 2 ақпандағы бұйрығымен Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді, деп хабарлады Elorda.info.
Ол 14 тамызда атап өтіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады, өткізілетін іс-шаралардың ауқымы артып келеді.
Жауынгерлік дайындық органдары мен полигондардың офицерлерін және сержанттарын осы атаулы күнмен құттықтаймыз. Еңбек жолында табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар