Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөздер жүргізді

Фото: Қорғаныс министрлігінен
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырысы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Сұхбат барысы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру төңірегінде болды.
Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Ұйымның қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелерін де қозғады.
Естеріңізге сала кетсек, бірлескен шаралар 28 қарашада Астанада өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады