Елімізде республикалық «Қайырымдылық керуені» акциясы басталды
2 наурыз, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті
Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарға азаматтық және қызметтегі ерлігі үшін, этносаралық келісімді нығайту мен ел дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. Жалпы телекөпірге 1000-нан астам адам қатысты, деп хабарлайды Elorda.info.
«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 2015 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары жыл бойы көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіп, қарттар үйі мен балалар үйлерінде іс-шаралар ұйымдастырады.
Аталған акция аясында Астанадағы көпбалалы екі отбасыға жаңа пәтер кілті табысталды. Бұл шапағаты мол іс-шара жыл соңына дейін жалғасады.
Ұқсас жаңалықтар
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті
21 қараша, 2024
ҚМДБ энергетикалық сусындарға қатысты үкім шығарды
21 қараша, 2024
Халықаралық конференцияда өрт-құтқару спортын дамыту мәселелері талқыланды
21 қараша, 2024
Астанада ақын Әбубәкір Смайыловтың өлеңдер жинағының тұсаукесері өтті