00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде пойызбен жүрушілер саны бір жылда 13,5 млн-нан асты

4 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде пойызбен жүрушілер саны бір жылда 13,5 млн-нан асты
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстандықтар үшін ең сұранысқа ие бағыттар қатарына Астана-Алматы, Астана-Шымкент, Алматы-Шымкент, Астана-Семей, Алматы-Семей жатады, сәйкесінше осы қалалар үшін билеттерге сұраныс жоғары болды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, 

2023 жылы 13,5 млн. астам жолаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен тасымалданды.

ТЖ билеттеріне жоғары сұраныс жазғы және қысқы кезеңдерде (демалыс маусымы, каникул) және мереке күндері орын алады.  Мысалы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2023 жылдың жазғы кезеңінде 4 млн астам жолаушыны тасымалдады. Сондай-ақ, жолаушылар сұранысына ие қызметтердің бірі – «Күту парағы». Бұл қызметті bilet.railways.kz сайтында және «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында пайдалануға болады . «Күту парағы» көмегімен босатылған билеттерге кезекке тұра аласыз. 2023 жылы бұл қызмет 485 мың жолаушыға ұсынылды, оның ішінде 168 мың билет сатып алынды, -деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар жолаушылар вагондары паркін жаңарту және жолаушылардың ыңғайлы жүруі мақсатында жыл сайын жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі күні Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагондар паркі шамамен 2151 бірлікті құрайды, оның ішінде стандартты вагондар 1311, Тальго вагондары 732, электр-дизель пойыздарының вагондары 108. Парктің орташа тозуы 44 пайызды құрайды. Паркті жаңарту жұмыстары жалғасуда, 2022 жылы Stadler технологиясы бойынша 537 жоғары технологиялық жолаушылар вагондарын сатып алуға шарт жасалды, оларды 2025-2030 жылдар аралығында жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, өткен жылы ЗИКСТО зауытының 150 жолаушылар вагонын сатып алуға шарттар жасалды. 2023 жылы зауыт 94 жаңа жолаушылар вагонын жеткізді. Олар «Маңғыстау-Атырау», «Ақтөбе— Атырау» және «Павлодар-Түркістан» бағыттары бойынша сәтті жүріп жатыр,- деп жазылған.