00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде кәсіпкерлерге 1 600-ден астам заңсыз салық салынған

15 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде кәсіпкерлерге 1 600-ден астам заңсыз салық салынған
Фото: Egemen.kz

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет шеңберінде прокуратура органдары бизнес субъектілеріне жарнама салығын есептеу кезінде заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді, деп хабарлады Elorda.info Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Мысалы, Алматы облысында әкімдік жарнама үшін салық төлеуші ретінде «А.» ЖК туралы мәліметтерді жіберген кезде ғимараттың төбесіндегі дүкеннің белгісі ғана алынды.Сонымен қатар, Қызылорда облысында бизнес объектілерінде үгіт материалдарын орналастырғаны үшін 18 кәсіпкерге салықтық төлемдерді негізсіз есептеу фактісі анықталды, олар да заң талаптарына сәйкес салық салуға жатпаған, - деп жазылған хабарламада.

Жалпы, прокурорлар 1600-ден астам заңсыз салық алу фактілерін анықтады.

Бүгінге прокурорлық қадағалау актілері бойынша 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 725 бизнес субъектісінің құқықтары қорғалды, 12 млн теңгеден астам қаражат кәсіпкерлерге қайтарылды.

Бұл жұмыс жалғасып жатыр.