Елімізде көкөніс және жеміс шырындарының өндірісі артты

Фото: freepik.com
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда жеміс пен көкөніс шырындарының өндірісі алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3% өсті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бес ай ішінде отандық кәсіпорындар 36,3 мың тонна өнім өндірді. Қазақстандық өнімнің нарықтағы үлесі 60% құрайды.
Импорт көлемі де 13,6% артты. Есепті кезеңде елге 24,2 мың тонна шырын әкелінді.
Керісінше, экспорт 0,4% азайды – шетелге 1,3 мың тонна өнім жөнелтілді.
Ішкі нарықтағы тұтыну 9,3% өсіп, 59,3 мың тоннаға жетті. Ал 2024 жылдың қаңтар-мамырында бұл көрсеткіш 54,2 мың тонна болған.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 18:07
Алматы көпсалалы колледжінде «Ұшқышсыз ұшу аппараттары» құзыреттілік орталығы ашылды

Бүгін, 17:26
Елімізде астық жинау науқаны аяқталуға жақын – АШМ

Бүгін, 16:06
Фермерлерді қолдау: Азық-түлік келісімшарт корпорациясы канадалық модельді зерделейді

Бүгін, 15:47
Қарулы күштердегі цифрлық трансформация мәселелері талқыланды