00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елімізде ең көп жол-көлік оқиғасы Алматыда тіркелген

12 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде ең көп жол-көлік оқиғасы Алматыда тіркелген
коллаж Elorda.info

Биыл қаңтар мен қыркүйек айлары аралығында елімізде  9,9 мың жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

 

Ranking.kz зерттеуінше, жол-көлік оқиғалары көбінесе Алматы қаласында тіркелді. Одан кейінгі орында Алматы (961 оқиға, 37,6% азайған) және Жамбыл (695 оқиға, 39,4% азайған) облыстары тұр.

Ал ең аз тіркелген өңір – Ұлытау облысы. Мұнда  42 жол-көлік оқиғасы болған.  Одан кейін Атырау (218 оқиға) және Қарағанды ​​(236 оқиға) облыстары.

Биыл елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 12,3 мың адам жараланды. Олардың 7,1 мыңы ерлер және 5,2 мыңы әйелдер. Бұлардың ішінде –  2,8 мыңы кәмелетке толмағандар. 

Жыл басынан бері жол апатынан 1,7 мың адам қаза тапты. Бұл өткен көрсеткіштен 2,1 пайызға аз. 

Ал өңірлер бойынша жол-көлік оқиғаларынан ең көп зардап шеккендер Алматыда (2,8 мың адам), сондай-ақ Алматы (1,4 мың адам) және Жамбыл (1,2 мың адам) облыстарында, ең азы Ұлытауда (67 адам), сондай-ақ Қарағанды ​​және Атырау (әр облыста 362 адам) облыстарында тіркелген.