Елімізде бұзақылық жасағаны үшін 356 адам ұшақтан түсірілді
Жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әуе кемесінен 356 адамды түсірді, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 175, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін – 19, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін – 19 тұлға бар және тағы басқа.
Мәселен, Астана әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Астана–Варшава бағытындағы әуе рейсінен құқық бұзушыны түсіріп алды.
Тексеру барысында полицейлер 49 жастағы Германия азаматын анықтады. Ол масаң күйінде болып, экипаждың талаптарын орындамаған.
Шетелдік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 8 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.