Экология министрі ірі орман өртінің таралу себептерін атады
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелері барлық 152 мемлекеттік орман иеленушілерін биылғы өрт қауіпі бар кезеңге дайындығы бойынша тексерулер жүргізген. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология министрі Зулфия Сүлейменова айтты, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.
Тексеру нәтижесінде өрт қауіпі бар кезеңге дайындығы орташа екендігі белгіленді.
Экология министрі өз сөзінде орман өртіне себеп болатын жағдайларлы атап өтті.
Орман иеленушілердің бастапқы кезеңде өрттерді сөндіру бойынша уақтылы шаралар қабылдамауы өртті сөндіру үшін шалғай, батпақты және таулы жер болуы, дала өрттерінің мемлекеттік орман қоры жерлеріне көшуі, орман күзетінің техникамен және жабдықтармен аз жарақтандырылуы ірі орман өртінің таралуына себеп болып отыр, - деді министр.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ