Депутат: Сайланған әкімдер өз міндеттеріне алдымен халық алдында жауапты болады
Мәжіліс депутаты Ерлан Әбдиев 5 қарашада өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлаудың елдің саяси-экономикалық дамуындағы маңыздылығы туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен жексенбіде елімізде өткен әкімдер сайлауы Мемлекет басшысының елді демократиялық жолмен дамуға бастаған реформалық қадамдарының бірегей көрінісі. Осы орайда Президентіміз Жаңа Қазақстан – әділетті Қазастан екенін бірнеше мәрте атап өткен болатын.
Демократия көптеген аспектілерді қамтиды. Соның ішінде еркін және әділ сайлау, билік құзыреттерімен бөлісу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тәуелсіз сот жүйесі, сөз бостандығы және басқалар. Әкімдерді сайлау азаматтарымызға өз мүдделерін білдіретін әкімді таңдап, жергілікті деңгейде маңызды шешімдер қабылдау арқылы өз аудандары мен қалаларын басқаруға қатысу құқығын береді. Қазіргі өткен сайлау азаматтарымыздың шешім қабылдауға және жергілікті саясатты қалыптастыруға қатысуына ықпал етеді, - деді спикер.
Сонымен қатар, ол демократия - бұл халықтың барлық топтарынын құқықтарын қорғауды, биліктің әділ және ашықтығын, құқықтық мемлекет деген ұғымдарды қамтитын қағида екенін есте ұстаған жөн дейді.
Тағайындалған және сайланған әкімдер арасындағы айырмашылық шешім қабылдау процесіне және басқарудағы ашықтық деңгейіне әсер етеді. Тағайындалған әкімдер облыстық билік тарапынан қатаң бақылау мен ықпалды сезінуі мүмкін. Бұл кейде олардың шешім қабылдаудағы тәуелсіздігін төмендетеді. Сайланған әкімдер сайлаудың легитимділігіне ие бола отырып, өз сайлаушыларының мүдделерін еркін және ашық түрде іске асыра алады, - деді депутат.
Спикер бұл әкімдерге үлкен жауапкершілік пен қоғаммен белсенді қарым-қатынасқа болуына ықпал ететінін айтты.
Сайланған әкімдердің саяси болашағы жергілікті халықтың қолдауына қаншалықты ие болатынына байланысты. Бұл қоғаммен тығыз байланыс пен өзара әрекеттесуге, сондай-ақ тұрғындардың проблемалары мен сұраныстарына дұрыс жауап беруге ықпал етуі керек.Осылайша, сайланған әкімдер демократиялық және халыққа жақын басқаруды қамтамасыз ете алады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті қоғамдастықтың дамуы үшін маңызды, - деді халық қалаулысы.
Оның айтуынша, сайланған және тағайындалған әкімдердің айырмашылығы олардың легитимділігі мен сайлаушылар алдындағы жауапкершілігінде. Сайланған әкімдер, халық таңдаған кезде, көбінесе азаматтармен тығыз байланысты сезінеді және өз міндеттерін орындауға жауапты болады.
Олар өз сайлаушыларының пікірлері мен қажеттіліктерін тыңдауға мотивациясы жоғары болады. Тағайындалған әкімдер өз кезегінде оларды тағайындаған саяси тұлғаларға назар аударып отырады. Бұл олардың шешімдері мен басым бағыттарына әсер етуі мүмкін. Осылайша, сайланған және тағайындалған әкімдер арасындағы жұмыс айырмашылығы қоғам алдындағы жауапкершілік дәрежесінде және халықпен тығыз байланыста болу қабілетінде деп ойлаймын. Amanat партиясының депутаты ретінде мен Президенттіміздің алға қойған реформалық бастамаларына сай биліктің барлық деңгейінде еркін және әділ сайлау өткізуді қолдаймын және қоғамымыздағы демократиялық институттарын нығайтуға шақырамын, - деп сөзін түйіндеді Мәжіліс депутаты Ерлан Тұрсынбайұлы.