00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дархан Жазықбай Корея Республикасының Персоналды басқару министрімен кездесті

Дархан Жазықбай Корея Республикасының Персоналды басқару министрімен кездесті
Фото: дереккөз

​Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Корея Республикасының Персоналды басқару министрі Ким Сын Хомен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

​Екіжақты кездесу барысында тараптар мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару бойынша қол қойылған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандумдағы шараларды іске асыру барысын талқылады.

​Дархан Жазықбай Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғырту бойынша алға қойған міндеттеріне сәйкес, Агенттікпен атқарылып жатқан шаралар және осы бағытта цифрлық технологияларды қолдану жұмысымен таныстырды.

​Агенттік төрағасы мемлекеттік қызметте адам ресурстарын жетілдіру, HR құралдарды енгізу, «e-Qyzmet» жүйесі негізінде іріктеу және персоналды басқаруды цифрландыру бойынша жобалар мен бастамаларға да тоқталды.

​Ким Сын Хо мемлекеттік қызмет саласын заман талабына сай үнемі жетілдіріп отыру маңыздылығына тоқталып, өз елінің мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибесімен бөлісті.

​Сондай-ақ тараптар мемлекеттік қызметшілердің адам ресурстарын басқару саласындағы біліктілігін арттыру мақсатында олар үшін қысқа мерзімді тағылымдамалар мен ұзақ мерзімді оқытуды ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

​МҚІА төрағасы Корея Республикасының мемлекеттік қызметтегі адами ресурстарды басқарудағы жасанды интеллект технологияларын қолдану және автоматтандыру, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау тәжірибесіне қызығушылық білдірді.

​Кездесу соңында тараптар алда мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасуда ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.