Былтыр елімізде 5 мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңы пайда болған
13 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Ғарыштан жасалған мониторинг аясында 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-ы немесе 4 331-і жойылды.
Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола (830), Қарағанды (745) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (551) тіркелд, - деді ол.
Сондай-ақ, Айдар Абдуалиев заңсыз қоқыспен күресті сылбыр жүргізіп жатқан өңірлерді атады.
Осындай үйінділерді жоюдың ең төмен көрсеткіші Абай (10%), Ұлытау (15%), Батыс Қазақстан облыстарында (56%) және Астана қаласында (52%) тіркелді, - деді ведомство өкілі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:49
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды
Бүгін, 15:37
ҰҚК еліміздегі түрмелердің бірінде теракт жасамақ болған адамды құрықтады
Бүгін, 13:40
Павлодар облысында полицияға жалған ақпарат берген әйел айыппұл арқалады
Бүгін, 11:41
Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады