Бір жылда еліміздегі 10 әуежайда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді

Фото: Оңалхан Өнерхан
Amanat партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы аясында Премьер-министр Олжас Бектенов өткен жылы еліміздің 10 әуежайында құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жеке инвестициялар есебінен Алматы, Шымкент және Қызылордада үш жаңа жолаушылар терминалы салынды. Бұл олардың өткізу қабілетін 6,5 есеге арттыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Зайсан, Кендірлі және Қатонқарағай курорттық аймақтарында үш жаңа әуежайдың құрылысы, сондай-ақ Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 19:01
25 мың гектар егістікті сумен қамтамасыз ету: Жетісу облысында каналдар реконструкцияланып жатыр

Бүгін, 09:20
«Орта державалар» рөлі артып келеді»: Астанада халықаралық форум өтті

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді