00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбек әншісіне қымбат көлік сыйлады

Белгілі кәсіпкер Тұрсен Алагөзов өзбек әншісіне қымбат көлік сыйлады
Фото: Instagram/athambek_yuldashev_official

Бұл туралы Өзбекстан әншісі Атхамбек Юлдашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл сыйды бауырлас халықтың атынан ағамызға сыйлаймын. Сізге денсаулық, бақыт және махаббат тілеймін, - деді Тұрсен Алагөзов.

Жаңа көлікке ие болған әнші кәсіпкермен бірге суретке түсіп, алғысын білдірді.

Маған қатты ұнап тұр. Өте керемет. Тіпті мен мінуге қорқып тұрмын, - деді әнші.

Сондай-ақ желі қолданушылары да әншіні құттықтап, жылы лебізін білдіріп жатыр.

«Құтты болсын», «Қазақстан мен Өзбекстан халқына еңбегі сіңген адам. Сол еңбектің арқасында темір тұлпар мініп жатыр», «Қуаныштарыңызға ортақпыз» - деп жазды желі қолданушылары.