Бүгін – 21 наурыз – Ынтымақ күні


Бүгін Наурызнамаға сәйкес – Ынтымақ күні, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бұл дата өткенді еске түсіруден, ата-бабамыздың бүгінгі уақытты қалыптастыруға және сақтауға қосқан үлесінің маңыздылығын түсінуге арналады. Сондай-ақ бұл еліміз үшін елеулі тарихи оқиғалар мен жетістіктерін еске алатын уақыт.
Ынтымақ күні ауызбірлік, ортақ құндылықтардың маңызын түсінуге жетелейді, көпшілікті бейбітшілікке, татулыққа, келісімге қолдау білдіруге шақырады.
Дәл осы күн – бай мәдени мұрамызды қадірлеп, бір-бірімізге деген құрметімізді айшықтайтын уақыт.
Жалпы бұл күні халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырады және татулық пен бірлік насихатталады.
Айта кетейік, 2024 жылдан бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипат алды. Атап айтсақ, Наурызнама онкүндігі енгізілді.