«Қазгидромет» Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады

Фото: Оңалхан Өнерхан
«Қазгидромет» Астана, Алматы және Қазақстанның басқа да қалаларының тұрғындарына ескерту жасады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«2025 жылғы 22 шілдеде Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай, Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:12
Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 50 пайызға дейін көбеюі мүмкін

Бүгін, 11:29
Ұлттық ұланда алғаш рет ағайынды екі жауынгер Күрең берет иегері атанды

20 қазан, 2025
Президент Юрий Аравиннің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты

20 қазан, 2025
25 мың гектар егістікті сумен қамтамасыз ету: Жетісу облысында каналдар реконструкцияланып жатыр