Қазақстанда ашық жүк вагондарын шығару 5 есеге артты

Фото: primeminister.kz
Биылғы 7 айда ашық жүк вагондарын шығару 5 есеге, ал жайдақ платформалар шығару 2,2 есеге артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Берілген мәліметтерге сәйкес, теміржол өнеркәсібі еліміздегі машина жасаудың жалпы көлемінің 13%-ын құрап отыр. Өткен жылы теміржол өнімдерін шығару 25%-ға өсіп, 600 миллиард теңгеге жеткен.
«Жалпы, соңғы бес жылда ұлттық оператордың вагон паркін жаңартуды іске асыру нәтижесінде осы салада инвестициялық белсенділік байқалуда. Нәтижесінде отандық нарыққа Wabtec, Alstom, Stadler сияқты әлемнің жетекші брендтері келді», - деп атап өтті министр.
Бүгінде саладағы 60-тан астам кәсіпорында, 8 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Ұқсас жаңалықтар

4 қазан, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталады

3 қазан, 2025
Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

3 қазан, 2025
Бас прокурор Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды

3 қазан, 2025
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды