00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанда акваөсірудің дамуын бақылайтын ақпараттық жүйе құрылады

20 қараша, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Қазақстанда акваөсірудің дамуын бақылайтын ақпараттық жүйе құрылады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Мәжіліс «Акваөсіру туралы» заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.  

Негізгі заң жобасы акваөсіру субъектілерінің құқықтары мен міндеттеріне, балық шаруашылығын жүргізу шарттарына, ғылыми зерттеулерге, балық шаруашылығы су айдындары мен жер ресурстарын қамтамасыз етуге және пайдалануға қатысты нормаларды қамтиды.

Акваөсіру саласында үш жылда бір рет өткізілетін оның даму жағдайын бағалау негізінде мемлекеттік саясат құралдарын енгізу жоспарланып отыр. Осы мақсатта бюджет қаражаты есебінен консалтингтік компаниялар мен талдау орталықтарын, қоғамдық салалық одақтар мен қауымдастықтарды тарту көзделген. Бағалау нәтижелері Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу кезінде ескерілетін болады.

Цифрландыру мақсатымен мониторингтің ақпараттық жүйесі енгізіледі. Ол акваөсірудің дамуына мониторинг жүргізуге және талдауға, деректер мен мәліметтерді жинауға және қалыптастыруға, бизнес субъектілерінің тізілімін жүргізуге және акваөсіру объектілерінің, соның ішінде оны қайта өңдеу өнімдерін қадағалауға, сондай-ақ цифрландыруды қамтамасыз етуге арналған.