Қазақстанға гипсокартон әкелуге тыйым салынды

Фото: pexels
Өнеркәсіп және құрылыс министрі 2025 жылғы 8 шілдедегі «Қазақстан Республикасының аумағына гипсокартон импортын реттеудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден көліктің барлық түрлерімен үш ай мерзімге гипсокартондарды (гипс әшекейлері жоқ, тек қағаз немесе картонмен қапталған немесе нығайтылған плиталар, қаңылтырлар, панельдер, тақтайшалар және ұқсас бұйымдар) әкелуге тыйым салынсын», - делінген құжатта.
Айта кетейік, бұйрық 2025 жылдың 22 шілдесінде күшіне енеді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:56
Қылмыстық істердің 90% электрондық форматта тергеп-тексеріліп жатыр

Бүгін, 13:31
Орталық Азия елдері өңірдегі су мәселелерін шешудегі Қазақстанның рөлін жоғары бағалады

Бүгін, 10:28
Биыл 12,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін, 09:31
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы төмендеді