Атырауда ескерткіш адамдардың үстіне құлап, кішкентай бала мерт болды
26 маусым, 2024
Торғын Аман
коллаж Elordainfo.kz
Кеше Атырау қаласында ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соққан. Соның салдарынан Жеңіс саябағындағы ескерткіш құлап, жауыннан тасалап тұрған адамдардың үстіне құлап кеткен, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы Фейсбук желісінің қолданушысы Жібек Әшірхантегі жазды.
«Бүгін 25.06.2024 жыл 21:30 шамасында орталық Жеңіс саябағында серуендеп жүрген бір отбасы аяқ астынан жауған жауыннан тасалау үшін мына жатқан мүсіннің жанында тұрғанда, ескерткіш құлап, бүлдіршіндерін ұстап тұрған әке мен екі баласын басып қалған», - делінген жазбада.
Оның айтуынша 7 жастағы қыз Атырау облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне ауыр жағдайда жеткізілген. Ал Ай-Ару есімді кішкентай қыз көз жұмды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:49
Қарағанды облысында жерді қайтару жоспары артығымен орындалды
Бүгін, 15:37
ҰҚК еліміздегі түрмелердің бірінде теракт жасамақ болған адамды құрықтады
Бүгін, 13:40
Павлодар облысында полицияға жалған ақпарат берген әйел айыппұл арқалады
Бүгін, 11:41
Антикор пойыз жолаушыларын тасымалдаушыларға қатысты шағымдарды қарады