Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды

Бүгін, 11:45
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
views67
Атырауда 10 миллион теңге бопсалаған журналист ұсталды
Фото: pexels.com

Ол қаладағы қонақүйлердің бірінде қолға түсті, деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Атырауда полиция қызметкерлері жеке кәсіпорын басшысынан компания қызметіне қатысты бейнематериалды таратпау үшін 10 миллион теңге талап етті деген күдікпен 36 жастағы журналисті ұстады. Ақшаның бір бөлігі – 4 миллион теңге делдал арқылы берілген», - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Басқа адамдардың қылмысқа қатыстылығы тексеріледі.