Елордалық полицейлер қымбат велосипед ұрлаған азаматты анықтады
Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері 300 мың теңгенің велосипедін ұрлады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Тергеу барысында ер адамның түнгі уақытта оң жақ жағалаудағы тұрғын үй кешендерінің бірінің ауласынан қымбат велосипедті байқағаны белгілі болды. Қылмыстық оймен ол жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, қауіпсіздік құлпын үзіп, велосипедті алып кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - делінген хабарламада.
Астана қаласының Полиция департаменті велосипедтерді қараусыз қалдырмауға, сақ болуға кеңес береді.