00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада прокурорлар мектепке дейінгі ұйымдарда заң бұзушылықтарды анықтады

3 қыркүйек, 2024
Сабина Кәкімжан Сабина Кәкімжан
Астанада прокурорлар мектепке дейінгі ұйымдарда заң бұзушылықтарды анықтады
Бактыгуль Бурбаева

Прокурорлар елорданың мектепке дейінгі ұйымдарында көптеген заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, балабақшаларда жалақысы заңсыз есептелген жұмысшыларды жалған жұмысқа орналастыру анықталды. Анықталған жымқыру фактілері бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Демалыс кезеңінде мектепке дейінгі жеке мекемелердегі орындарды сақтау үшін ата-аналардан негізсіз ақы алу жағдайлары орын алған. Қадағалау органының араласуынан кейін шарттар қолданыстағы заңнамаға сәйкестендірілді. Жекелеген балабақшаларда мерзімі өткен дәрілік заттар сақталған, сондай-ақ құрамында сынап бар шамдарды сақтау және жою кезіндегі бұзушылықтар анықталды. Қадағалау актілері бойынша бұзушылықтарды дереу жою үшін шаралар қабылданды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды», - деп жазылған хабарламада.