Астанада полиция 14 алаяқтық іске қатысы бар күдіктіні анықтады
Астанада полиция алаяқтықтың 14 фактісіне қатысы бар күдіктіні анықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елордада полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы ер адамның алаяқтық жолмен түрлі техника жабдықтарын жалға алып, оны келісілген мерзімде қайтармағанын анықтады. Осындай оқиғамен караоке құрылғысы жоғалды. Жалдаушы оны белгіленген уақытта қайтаруға уәде еткен, алайда кейін байланысқа шықпай қойған. Осылайша мүлік иесіне 450 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Кейіннен ер адамның жабдықты ломбардқа тапсырып, алынған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оның елорда аумағында бұрын жасалған 14 осыған ұқсас эпизодқа қатысы бар екендігі белгілі болды.