00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

21 сәуір, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті
Фото: Астана қалалық әкімдіктің сайтынан

Елордада  қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды, деп хабарады Elorda.info қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде келушілер назарына түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.

Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.