Астана су қоймасында екі балықшы құтқарылды

Фото: ТЖМ
Кеше кешке Ақмола облысының құтқарушыларына 2001 және 2003 жылы туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге құтқарушылар балық аулаушыларды бүгін таңертең бірақ тапты.
Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағаннан кейін олар өздігінен орала алмаған. Оған қоса балықшыларда құтқару кеудешелері мен байланыс құралдары болған жоқ.
Құтқарылғандар су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады