00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Арыстанбек Мұхамедиұлының компаниясына сатылған тағы бір нысан мемлекетке қайтарылды

5 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Арыстанбек Мұхамедиұлының компаниясына сатылған тағы бір нысан мемлекетке қайтарылды
Фото: Elordainfo.kz

Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Прокурорлар құны 4,8 млрд теңгеден асатын мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойған.

Олардың біреуін сот қанағаттандырды.

«2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі іске асырылды. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланды. Бұл ретте, мүліктік кешеннің нақты нарықтық құны 1,213 млрд теңгені құрады, сомадағы айырмашылық кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің төмендеуінен көрінді. Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды», - деді Бас прокуратура.

Сонымен қатар, Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюлары бойынша бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен байланысты компанияларға бұрын сатылған 3,5 млрд теңгеден астам сомаға тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүруде.