Алтынай Жорабаева күйеуі туралы жан тебірентерлік жазба жариялады
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуіне ерекше жазба арнады, деп хабарлады Elorda.info.
"Менің де, қыздарымның да өмірі 180 градусқа өзгеруіне себепші болған, жәннатым! Туған күнің құтты болсын! Сендей жанды бізге жолықтырған Аллаға мың алғыс! Махаббат бар екеніне сендіргенің үшін, қыздарға әкелік махаббатты сездіргенің үшін, мені өмірімдегі жыртық-жамауыммен жақсы көргенің үшін қатты жақсы көрем! Екеуміз үйленсек деп армандағанда, сенің "Қыздар мені қалай қабылдар екен? Сені қызғанып, мені ұнатпай қалса, не істеймін?" деп қатты қорыққан кезің де артта қалды. Себебі, бәрі саған байланысты екеніне тағы да көзім жетті. Қыз бала әкеге жақын дейді. Міне, сендей махаббатын үйіп-төгетін әкеге жақын болады. Алла пейіліңе жақсылығын үйіп-төгіп берсін! Алланың қалауымен, көпшіліктің дұғасымен осы әппақ пейіліңе Аминамыз дүниеге келді. Ғұмырың ұзақ болсын. Екі дүниенің абырой-бақытын берсін. Алла екеумізге екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін", - деп жазды Алтынай Жорабаева.