00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алтын-Емелде Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды

10 шілде, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Алтын-Емелде Қызыл кітапқа енген Тянь-Шань қоңыр аюы фототұзаққа түсіп қалды
фото: видеодан скрин

«Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябағында еліміздің Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аю фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлады Elorda.info.

«Алтын-Емел» ұлттық табиғи саябағының Instagram желісіндегі ресми парақшасында науадан су ішіп жатқан аюдың видеосы жарияланды.

Былтыр Білім және ғылым министрлігі Зоология институтының зоолог мамандарының көмегімен Дүниежүзілік табиғатты қорғау қоры қаражаты есебінен «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Дегерес тауында автоматты түрде науаға су құйылып тұратын көлемі 3,0 тонналық ыдыс орнатылған болатын. Бұл суды үнемдеу және жабайы аң-құстарды сумен қамтамасыз ету мақсатында  қойылған.

«Осы суатқа МҰТП ғылыми, ақпараттық және мониторинг бөлімінің қызметкерлерінің зерттеу жұмыстарының барысында орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген Тянь-Шань қоңыр аюы келіп су ішкені туралы бейне жазбалары түсірілген», - делінген хабарламада.