Алматылық әйел арықтаймын деп ажал құшты
10 шілде, 2024
Сабина Кәкімжан
Оңалхан Оңерхан
Алматылық 47 жасар әйел іштегі майды алдырамын деп арты қайғылы жайтқа ұшырады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы журналист Гүлмира Абыкай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Отадан кейін көзін ашып, туыстарына селфи фото жіберген әйелдің жағдайы кешке күрт нашарлайды. Ақыры жүрегі тоқтап, қайтыс болды. Артында 2 баласы, жары қалды. 25 жыл мектепте жұмыс істеген марқұм «Ұлағатты ұстаз» деген медаль иесі. Операция жайлы ұзақ зерттеп, таңдаған клиникамен 1,6 айдан бері үздіксіз кеңес жүргізіп отырған. Отаға барлық анализдері лайық болған. Пластикалық хирургтер липоксациядан соң денсаулықтың асқынуы мүмкін екенін ескертпедік деп мойындап отыр. Сонда қалай? – деп жазды журналист.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:15
Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін, 10:56
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады
Бүгін, 10:37
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті