00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда өрттен қаза тапқандардың арасында шетелдіктер бар – әкімдік

30 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда өрттен қаза тапқандардың арасында шетелдіктер бар – әкімдік
Фото: freepik

Алматы әкімдігі бүгінгі өрттен қаза болғандардың арасында шетелдіктер бар екенін растады, деп хабарлады Elorda.info.

"Өрттен қаза тапқандар арасында шетелдіктер бар. Олардың жеке басына қатысты дерек қосымша хабарланады", - деп көрсетті әкімдіктің баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, оқиға орнында журналистердің сауалына жауап берген  Алматы қалалық  ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев өрт болған ғимаратта пәкістандықтардан өзге де шетел азаматтары болғаны туралы айтты.

"Хостел әкімшілігінің сөзіне сүйенсек, мұнда шетел азаматтары атап айтқанда Өзбекстан, Қырғызстан азаматтары және ел азаматтары тұрған", - деп жауап берді Нұрлан Атығаев.  

Естеріңізге саламыз, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 азам көз жұмған болатын. 

Қала әкімдігі тілсіз жаудан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.