«Алматы – Петропавл» рейсінің билеті екі есе арзандайды

Фото: Көлік министрлігінен
Алматы – Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Билет құны бір бағытқа 30 мың теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).
Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы – екі сағат.
Жолаушыларға тиімді тарифтермен билет алу үшін оларды алдын ала брондауды ұсынамыз, - делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар

4 қазан, 2025
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн-дауыс беру басталады

3 қазан, 2025
Елімізде егін астықтарының экспорты 1 млн тоннадан асты

3 қазан, 2025
Бас прокурор Құқық қорғау органдары академиясының ұжымына жаңа ректорды таныстырды

3 қазан, 2025
Алматы облысында Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды