Алматы облысының полицейлері 2 млн теңгенің вейптерін тәркіледі
5 шілде, 2024
Елорда ақпарат
фото: polisia.kz
Алматы облысының полицейлері құны 2 млн теңгелік вейптерді тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы вейптерді заңсыз сатқандарды анықтады.
«Тәртіп сақшылары екі миллион теңгеге электронды темекі тәркіледі. Электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату фактісі бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғады», – деді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов.
Заңды бұзған адамға 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл не сол көлемдегі түзеу жұмыстары не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу мөлшерінде ірі ақшалай айыппұл салынады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:15
Ішкі істер министрлігі маңызды мәлімдеме жасады
Бүгін, 10:56
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жасырын қызметтерді анықтады
Бүгін, 10:37
Бас мешіт пен Фатима қолы: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
21 қараша, 2024
Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті